From Wikipedia, the free encyclopedia
Шаханов Төлеу, Т.Иргайлин.(25.12.1942, Ақмола облысы, Еркіншілік ауданы Бестөбе кеніші - 25.4.1994) - ақын, жазушы, аудармашы. ҚазҰУ-ды бітірген (1963). Аудандағы "Знамя", "Еңбек туы" газеттерінде корректор, аудармашы, әдеби Қызметкер болып қызмет істеген. Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан.[1] "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан"), "Ленинская смена","Семиречье", "Қазақ әдебиеті", "Жалын" баспаларында редактор, "Қазақфильм" киностудиясында алқа мүшесі болып қызмет атқарған. Фантастика жанрында қазақ тілінде "Көгілдір мұнаралар" (повестер мен әңгімелер), "Жоғалған жауһар" (повесть) атты кітаптары жарық көрді. К.Әзірбаевтың, Н.Ахметбектің, Д.Қанатбаевтың өлеңдері мен поэмаларын орыс тіліне аударған. Ол аударған венгр жазушысы Крянгенің "Өжет әтеш", М.Светловтың "Мальчик-Кибальчиш" спектакльдері республикалық балалар қуыршақ театры сахнасында қойылып жүр. "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен марапатталған.
Бәйге. Өлеңдер. 1966; Шуақты күн. Өлеңдер. А., 1968; Білесің бе, бұларды? Өлеңдер. А., 1972; Қос шапқыншы. Өлеңдер мен поэма.1974.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.